Саясат Антальяда GSTC тұрақты туризм конференциясы өтеді Редактор 08.05.2023 16284 1 оқу мин Түркия биыл алғаш рет GSTC тұрақты туризм конференциясын өткізуге дайындалуда. Конференция елдің туризм астанасы – Анталияда 2023 жылдың 9-12 мамырында ұйымдастырылады. Тұрақты туризм мен саяхат үшін жаһандық стандарттарды белгілейтін және осы стандарттарды іске асыруды қадағалайтын Жаһандық Тұрақты Туризм Кеңесі (GSTC) биылғы басқосуға Түркияны таңдады. GSTC – туризм мен саяхатты дамытудың жаһандық шарттарын белгілей отырып, тұрақты дамытуды қамтамасыз ететін коммецрялық емес ұйым. Сонымен қатар тұрақты туризмнің ең өзекті мәселелерін талқылау үшін әлемдік көшбасшылармен түрлі шараларды жүзеге асырады. Пандемияға байланысты екі жыл қатарынан онлайн режимде өткен конференциялар сериясы былтыр Испанияның Севилья қаласында ұйымдастырылған. Түркия да қатысқан 2022 GSTC Тұрақты туризм конференциясында 2023 конференциясының Түркия Туризмді алға жылжыту және дамыту агенттігі (TGA) тарапынан білдірілген ұсыныстан кейін Антальяда өтетіні жарияланды. Жиында қатысушылар үшін арнайы дайындалған бейнеролик ұсынылып, Түркияның Ұлттық тұрақты туризм бағдарламасына арналған уақыт бөлінді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Аида Балаева Санкт-Петербургте өткен Халықаралық біріккен мәдениеттер форумының жұмысына қатысты 1 оқу мин Саясат Аида Балаева Санкт-Петербургте өткен Халықаралық біріккен мәдениеттер форумының жұмысына қатысты 12.09.2025 3518 Америкалық инвесторларға Қазақстанның креативті нарығы таныстырылды 1 оқу мин Саясат Америкалық инвесторларға Қазақстанның креативті нарығы таныстырылды 06.09.2025 11463 «Форсаж» және «Рэмбо» продюсері Шымкенттегі Global Tech Wave Central Asia конференциясына келеді 1 оқу мин Саясат «Форсаж» және «Рэмбо» продюсері Шымкенттегі Global Tech Wave Central Asia конференциясына келеді 05.09.2025 15240