Саясат БУКМЕКЕРЛІК КЕҢСЕЛЕРГЕ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙЕДІ Редактор 13.07.2023 10928 1 оқу мин «БУКМЕКЕРЛІК КЕҢСЕЛЕРДІ БАҚЫЛАУСЫЗ ЖАРНАМАЛАУ ДӘУІРІ ӨТКЕНГЕ АЙНАЛУЫ КЕРЕК»: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ АСХАТ ОРАЛОВ ОЙЫН БИЗНЕСІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов вице-министрлердің, комитет төрағаларының және ҚР МСМ аппарат басшысының қатысуымен аппараттық кеңес өткізді. Күн тәртібіндегі басты тақырып – лудоманиямен күрес. «Мәдениет және спорт министрлігі жанынан заңға өзгерістер енгізу үшін жұмыс тобы құрылып, белсенді жұмыс атқарып жатыр. Бүгінгі таңда қала көшелеріне қарайтын болсақ, елордадан бастап шалғайдағы ауылға дейін әрбір көшеде билбордтар, баннерлерде құмар ойындардың жарнамасы тұр. Ешқандай тәртіп жоқ. Сондықтан бұнын бәрін тоқтатуымыз керек. Қажет болса, букмекерлер өздерінің жарнамаларын тек демеушілік ететін спорттық іс-шараларда және өз кеңсе ғимараттарына ғана орналастыра алатындай етіп заңнаманы күшейтетін боламыз. Бұл мәселені шешуді созбай, тез арада шешім қабылдауымыз маңызды. Осы бағыттағы жұмысты күшейтуіміз керек»,- деді Асхат Оралов. Министр бүгінгі таңда елімізде букмекерлік кеңселердегі жағдай түзеліп келе жатқанын айтты. Соңғы 2,5 жылда олардың саны 38-ден 16-ға дейін азайды. Қазір 4 букмекерлік кеңсенің лицензиясының күшін жою бойынша жұмыс жүріп жатыр. Жыл басынан 5 лицензия қайтарып алынды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 1 оқу мин Саясат ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 06.10.2025 15849 Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 1 оқу мин Саясат Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 18.09.2025 42203 Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 1 оқу мин Саясат Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 17.09.2025 44721