Саясат Гиресун — табиғатқа бай мекен Редактор 27.08.2023 6336 1 оқу мин Гиресун Қаратеңіздің жағалауында орналасқан қала. Табиғаты таулы-орманды екен. Кузалан табиғат саябағында туристерге арналған бірнеше локация бар. Оның бірі — Кузалан сарқырамасы. Мұнда арнайы түсетін жол болмаса да, келушілер төменге қиғаш түсіп, суды кеше жүріп сарқыраманы тамашалайды. Сонымен қатар, Кузалан табиғат бағында әлемде өте аз орманда табылатын үлкен травертендер бар. Бұл Гөксу травертендері деп аталады. Оны жер астынан шығатын минералды су қалыптастырған. Түсі — көгілдір. Туристер үшін келесі қызықты орын — Мави көл. Бұл табиғат кереметі 2014 жылы табылған екен. Қызығы сол, көлдер бір-бірінің үстіне жылға секілді ағады. Мави аталуының себебі де сол, көл әктас және минералды судан туындаған көгілдір түске ие. Күніміздің соңында Гиресун калесіне шығып, қаланы жоғарыдан тамашаладық. Бір қызығы, Гиресун шеткерек жатқан қала болғанымен, өткен жылы бұл жерді тамашалауға 130 мың турист келген. Қала бүгінде фундук және балық шаруашылығы мен туризм арқылы экономикасын жақсы көтеріп отыр. Кузалан табиғат бағы Күмбет және Кулаккая жайлауының арасында орналасқан. Екі жайлау да қалың орманмен қоршалған. Жап-жасыл шалғындардан тұрады. Бұл жайлауларға туристер көптеп келеді. Ақбота Мұсабек Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1200-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1200-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН 30.10.2024 106573 IQanat Олимпиадасы: 56 мың ауыл баласы не үшін күреседі? 1 оқу мин Саясат IQanat Олимпиадасы: 56 мың ауыл баласы не үшін күреседі? 28.10.2024 116883 РЕСПУБЛИКА КҮНІ ШЫМКЕНТ — МАҚТАНЫШ ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖАҢА СИМВОЛЫНА ИЕ БОЛДЫ 1 оқу мин Саясат РЕСПУБЛИКА КҮНІ ШЫМКЕНТ — МАҚТАНЫШ ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖАҢА СИМВОЛЫНА ИЕ БОЛДЫ 26.10.2024 123334