Саясат АСЫЛ ҚАЗЫНАМЫЗ — АТА ЗАҢЫМЫЗДЫҢ АРАЙЛЫ МЕРЕКЕСІ Редактор 30.08.2023 15683 1 оқу мин Шымкентте 30-тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясының күні қарсаңында «Ұлы дала шежіресі – Ата заң» мерекелік салтанатты іс шарасы өтті. Қала әкімі М.Әйтенов мерекелік жиынға арнайы қатысып, қала жұртшылығы мен қонақтарын ел тарихындағы маңызды мерекемен құттықтады. Арнайы театрландырылған қойылымнан басталған салтанатты кеште Әнұран шырқалып, Көк Туымызға құрмет көрсетіліп, сарбаздар рухты асқақтататын патриоттық әндерді шырқады. » Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді саяси, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жаңғыртып, Әділетті Қазақстанды қалыптастыру мақсатында жүйелі реформаларды жүзеге асырып келеді. Бүгінде Қазақстан құқықтық-демократиялық дамудың жаңа бір кезеңін бастан өткізіп жатыр. Азаттығымыздың айшықты айғағы айналған Ата Заң — тәуелсіздіктің теңдессіз тартуы. Халықтың өзі дауыс беріп қабылдаған өзгерістер арқылы Конституциямыз өркениетті мемлекеттің барлығына тән демократиялық қағидалармен толық қамтылып отыр» — деді қала әкімі. Салтанатты басқосу ел мен ұлттың ынтымағы, дамуы жолында үлес қосып келе жатқан азаматтарды марапаттау рәсіміне ұласты. Ата Заңымыз ұлықталған мерекелік іс шарада қалалық мәдениет үйі өнерпаздары, цирк әртістері мен өзге де жергілікті өнерпаздар патриоттық бағыттағы ән-жырлары мен қойылымдарын көпшілікке ұсынды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ПАТРИОТТЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАНДА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ПАТРИОТТЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ 06.05.2026 10515 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті 1 оқу мин Саясат Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті 21.03.2026 18561 ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 1 оқу мин Саясат ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 06.10.2025 172375