Саясат ҚАЗАҚСТАН-БАЛЫКЕСИР МЕДИА БІРЛІГІ ҚҰРЫЛАДЫ Редактор 28.10.2023 5688 1 оқу мин Түркітілдес журналистер қорының делегациясы Түркияның Балыкесир қаласындағы сапары барысында Балыкесир Журналистер одағының ғимаратында, Одақты Музейінде болып, өзара тәжірибе алмасты. Балыкесир Журналистер одағының төрағасы Рамазан Демир қазақ әріптестеріне сапар үшін алғыс айтып, екіжақты тиімді қатынастарды нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы балыкесирлік әріптестерге рахмет айтып, Қазақстанда қонақ болуға шақырды. Түркі елдерінің медиа бірлігін қалыптастыруда түркі журналситерінің маңызы зор. Бауырлас халықтарға бірін бірі танытатын, ортақ құндылықтарды насихаттайтын да – БАҚ өкілдері. Түрік әріптестер тарапынан арнайы жайылған дастарқан басында арқа-жарқа әңгіме айтып, пікір алмасқан қазақ-түрік журналистер болашақта атқарылуы тиіс шаруалар мен жүзеге асырылатын жобалар жайлы кеңесті. Кездесу соңында Рамазан Демир Нәзия Жоямергенқызына Балыкесирдің тарихы мен журналистикасынан сыр шертетін кітаптар табыстады. “Біз үшін Балыкесир құрама командасының орны бөлек”, – деген Рамазан мырза Құраманың футболкасын сыйлады. Қазақ делегациясы Балыкесир журналистер одағының төрағасына қазақы шапан жапты. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1200-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1200-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН 30.10.2024 101077 IQanat Олимпиадасы: 56 мың ауыл баласы не үшін күреседі? 1 оқу мин Саясат IQanat Олимпиадасы: 56 мың ауыл баласы не үшін күреседі? 28.10.2024 110544 РЕСПУБЛИКА КҮНІ ШЫМКЕНТ — МАҚТАНЫШ ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖАҢА СИМВОЛЫНА ИЕ БОЛДЫ 1 оқу мин Саясат РЕСПУБЛИКА КҮНІ ШЫМКЕНТ — МАҚТАНЫШ ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖАҢА СИМВОЛЫНА ИЕ БОЛДЫ 26.10.2024 117221