Әлеумет Инвестициялық штабта 7 жоба қаралды Редактор 18.02.2022 4181 1 оқу мин Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылған жиынға жауапты сала жетекшілерi мен кәсіпкерлер және инвесторлар қатысты. Жиында шетелдік және жергілікті кәсіпкерлердің қатысуымен жүзеге асырылатын 7 инвестициялық жобаның мәселесі қаралды. ▪️Олардың бірі — жүкті әйелдерді тәулік бойы бақылайтын телемедицина орталығы. Инвестициялық жоба туралы польшалық инвестор Евгениуш Форманюк таныстырып өтті. Жобаның инвестициялық құны 1,44 млрд. теңгені құрайды. ▪️Онлайн арқылы байланысқа шыққан ивестордың бірі пакистандық кәсіпкер Шоаиб Басра. Ол құны 2 млн АҚШ доллары болатын мұздатқыш камералар мен қойма кешені жобасын таныстырды. ▪️Штабта бұдан бөлек, полимерлі құбырлар өндірісі, құлпынай мен көкөністерді жыл бойы өсіру бойынша жылыжай кешенінің құрылысы, емхана құрылысы, «Шымкент сити» аумағында сауда-ойын-сауық кешені сынды 5 инвестициялық жобаның мәселесі қаралды. Барлық жобалардың жүзеге асырылу барысы мен мәселелері талқыланған жиында шаһар басшысы әкімдік тарапынан әрбір жобаның жүзеге асырылуы бойынша тиісті қолдау көрсетілуін және құжаттарының рәсімделуі бойынша сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар берді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории 12 500 нәрестенің кіндік анасы атанған… 1 оқу мин Әлеумет 12 500 нәрестенің кіндік анасы атанған… 05.05.2024 1351 Конгрестің өтуі денсаулық сақтау деңгейінің артуына септігін тигізбек 1 оқу мин Әлеумет Конгрестің өтуі денсаулық сақтау деңгейінің артуына септігін тигізбек 05.05.2024 1497 Күрделі ота сәтті өтті 1 оқу мин Әлеумет Күрделі ота сәтті өтті 05.05.2024 1230