Әлеумет Мекемеге ұрлыққа түскен үшеу анықталды Редактор 16.06.2022 3201 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық полиция бөліміне ер адам арызданып, өзіне тиесілі ғимаратта тұрған 330 дана жылу батареяларын, құрылысқа қажетті заттарын белгісіз біреу ұрлап кеткенін жеткізді. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 1 500 000-ға жуық теңгені құрады. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Ақпаратты алған бойда тәртіп сақшылары оқиға орнына жетті. Қылмысты ашу үшін сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, бейнебақылау камераларын қарап шықты. Нәтижесінде ұрлық жасаған үш ер адамның екеуі ұсталып, соңғысына іздеу жарияланды. Олардың бірі Өзбекстан азаматы болса, қалған екеуі Нұр-Сұлтан қаласы мен Сарыағаш ауданының тұрғындары. Сондай-ақ күдікті өзбекстандық бұрын сотты болған. Қазіргі таңда ұсталған 2 күдікті қамауда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Анықталғандай таныс үш ер адам түнгі уақытта ғимаратқа кіріп, құрылысқа қажетті заттарды ұрлап, сатып, ақшасын жаратып жіберген. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории 12 500 нәрестенің кіндік анасы атанған… 1 оқу мин Әлеумет 12 500 нәрестенің кіндік анасы атанған… 05.05.2024 1351 Конгрестің өтуі денсаулық сақтау деңгейінің артуына септігін тигізбек 1 оқу мин Әлеумет Конгрестің өтуі денсаулық сақтау деңгейінің артуына септігін тигізбек 05.05.2024 1497 Күрделі ота сәтті өтті 1 оқу мин Әлеумет Күрделі ота сәтті өтті 05.05.2024 1269