Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: ortcom.kz

Экономикалық белсенді аймақ

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2016-11-29

Оңтүстік Қазақстан облысы бизнеске қолайлы өңір саналады. Соңғы жылдары мұнда экономикалық қарқынды өсу байқалады. "Үдемелі индустриялды-инновациялық даму" бағдарламасы шеңберінде бизнеске қолайлы аудандар мен қалаларда индустриялық аймақтарды құру бойынша жұмыстар жалғасуда. Индустриялды аймақтарға бөлінген облыс бойынша жер учаскелерінің жалпы ауданы 976 га құрайды. Бүгінге дейін  жалпы көлемі 592 га құрайтын 7 индустриалды аймақ Түркістан қаласы, Созақ, Қазығұрт, Мақтарал, Түлкібас аудандары және Кентау каласында пайдалануға берілді. Ағымдағы жылдың соңына дейін «Оңтүстік» индустриалды аймағын қосқанда бұл көрсеткішті 11-ге жеткізу жоспарланып отыр. Осылайша , Оңтүстік Қазақстан облысында өнеркәсіптік өндіріс пен бизнес үшін 976 гектар дайын өнеркәсіптік алаңдар қалыптасады. Мәселен,  «Тассай» индустриалды аймағында 1472 жаңа жұмыс орны ашылатын жалпы құны 18,9 млрд. теңгені кұрайтын 20 жоба жүзеге асырылуда, олардың 8 жобасы 2016 жүзеге асырылады. (1 бюджеттік теңгеге 17,8 теңге инвестиция тартылды) «Тассай» индустриалды аймағы фармацевтика, машина жасау және жиһаз индустриясы секілді салалардың кластерлік дамуына бағытталған. Сондай-ақ, машина жасау және металлургия секілді салалардың кластерлік дамуына бағытталған «Бадам» КТИА индустриялды аймағын атап өткен жөн. Екі индустриялды аймақтардың («Бадам» КТИА, Тассай) жалпы көлемі 292 га құрайды. Ал аталмыш аймақтардағы өндірістік алаңдарының құрылысы биыл бітеді деп күтілуде. Және олардың инфрақұрылымдық сметалы құны 3,3 миллиард теңгені құрады.

 

 

 

 

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Май 2018=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея