Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: avto.ru

«Запорожец»-тің артқы есігі

👤Saq.kz 1 коммент. 🕔2015-04-18

Менің көршім Бағланның қалай үйленгені туралы (бұл аты шулы анекдотқа тұрарлық) оқиғаны сыныптастары әлі күнге дейін аңыз қылып айтады. Осы оқиғадан кейін құрдастары оны Шурик атандырды. Шурик-Бағланның мінезі әпенділеу, жүрген жерінде жұртты күлкіге қарық қылады да жүреді. Әскер қатарындағы борышын өтеп келіп, бойындағы қара күшін қайда жұмсарын білмей жүрген Бағлан ойда-жоқта көшеде көзіне жылыұшыраған бейтаныс арумен танысып қалады. Қылшылдаған бойдақ жігіт үйде тұрсын ба, күнде кешкісін жоғалып кетіп жүреді. Қазір үйленем деген ойында жоқ досымыз жүрегін жаулап алған арумен мақсаттарын бір арнаға тоғыстырмақ болып, үйленуге бір-ақ күнде бел байлайды. Ол кезде қазіргідей кез-келген жерде үймелеп тұратын таксилер жоқтың қасы. Көшеде тұрып әр көлікке қол көтерсе, бірде бірі тоқтамайды. Тезірек құсын қолына қондыруға асыққан Бағлан бағаналы бері тек «Волга», «Жигулилерге» қол көтерсе, енді тағаты таусылып кез-келген көлікке қол көтере береді. 80-ші жылдардың аяғы қазіргідей ағылып жатқан иномаркалар аз, аты аталған көліктеріңнің өзі тұмсығын көкке тіреп, кез келгеннің қолы жете бермейтін уақыт.

Сонымен шыдамы таусылған қос ғашықтың қасына бір «Запорожец» келіп тоқтай қалады. Қыз құрметтеуден мақұрым досымыз алдыңғы есігін ашады да өзі отырып алады. Бұрын «Запорожецке» мініп көрмеген Бағлан ойлайды ғой «Мағираш артқы есігін ашып өзі отырады» деп. Қыз байғұс не істерін білмей қала береді. Жүргізуші қайдан білсін «Біреуі қалады екен ғой» деп көлігін жүргізіп кете барады. Біраз жерге барып артына қараса қыз жоқ. «Өй» деп шошып кеткен Бағлан көлікті жарты жолдан қайтарады. Мағираштың қасына келіп тоқтаған соң көліктен түскен Бағлан енді есі кіріп, артқы есігін ашып қызды отырғызбақ болады. Ары қарайды, бері қарайды. Артқы есігін таппайды. Сол кезде ғана «Е, «Запорожецтің» артқы есігі болмайды екен ғой» деген миына «сигнал» барады... Сөйтіп біздің көрші әлемді аузына қаратып «ақ тұлпармен» осылай қыз алып қашып еді...

 

 

ПІКІР (1)

  1. 🕔2015-04-18 18:46:53

    Ақжолтай

    о заманда запарожды мен дегендер мінетін, бүігнде гой ол мәшіннің қаңқасы да қалған жоқ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қаз 2018=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

9

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея