Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

Қырдағы қырманда

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2018-07-31

Ымырт үйірілген шақ. Қырман басы әлі де қарбалас. Камаз автомашиналары арпаны бөлек, бидайды бөлек түсіріп жатыр. Бұрынғы кеңес үкіметінен қалған қырман қондырғыларының бірқатары жұмыс істеп тұр, көбісі жаңаланған. Әудем жерді алып жатқан қырман басында қырдай үйілген астықты кептіру, тазалау жұмыстары басталған. Қырман басында еңбектеніп жүрген 6 адам, меңгеруші Мәлік Мастанбековтың басшылығымен өз қызметтерін атқарып жүр. Бірі таразы басында тұрса, қалғандары астық агрегаттарын қосып, бидай тазалап жатыр. Бәрі де күн көзімен тотыққан шымыр азаматтар, еңбек десе елігіп тұр. Қырмандағы Арманды да, Берікті де танып-біліп, жағдайларына қанықтық. Жағдайлары жаман емес, ерте тұрып, кеш жатады екен. Егін орағы кезінде «Қызылжар» ЖШС-і кеңсесінің жанынан асхана ұйымдастырылған, қырманшылар сонда тамақтанып, егін басындағыларға тамақ апарып беріледі. Барлық жай-күйі қарастырылған. Түркістан облысындағы түлкібастық дихандардың ендігі мақсаттары – астықты төкпей-шашпай жинап алу. Жаппай егін орағы басталғанда қырман басы дүбірге толы болады. Астық толған сайын еңбек қыза түседі. Елдің ырысы астық, оның қасиетін дихан білмей, кім білсін?! Бізді бастап алып жүрген Талғат Мамыров ініміздің де көңілі тоқ, ризашылығы басым. Қырдағы қырманға астық түсіп жатыр. Ел ырзығы арта берсін.

 

К.Айтанов

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қыр 2021=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

7

8

9

10

11

12

13

14

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Галерея