Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

Түркістанды алда толағай табыстар күтіп тұр

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2018-08-02

Түркістан облысы. Халық жаңа әкімдік құрылымнан тың серпіністі тірліктер күтеді. Түркістан - бұрыннан ынтымағы мен достығы жарасқан  берекелі мекен. Халқы еңбекқор. Кәсіпкерлікке бейім. Өңірде ауыл шаруашылығымен бірге өнеркәсіп саласы да қарқынды дамып келеді. Камал Юлдашов - «Грандмикс» кәсіпорны директорының орынбасары: «Қаламыз келешекте өсіп-өніп, туризм, экономикамыз дамып өседі. Аймақтың көлемі 40 гектар. Онда 15 жоба жоспарланған. 2 кірпіш зауытымыз бар. 2 жиһаз фабрикасы бар. Келешекте осы жобалар жүзеге асса, 2 мыңдай адам жұмыспен қамтылады». Жаңа облыс орталығында 40 гектар жерді алып жатқан  индустриалды аймақта  нәтижелі жұмыстар бар. Келешекте мұнда 15 жобаны жүзеге асыру ісі жоспарлануда. Қазірдің өзіне 7 жоба іске қосылып, өндіріс жұмысы қарқын алған. Облыс орталығында заманауи талаптарға сай жабдықталған сауда орталықтарының қатары да артқан. Шаһарда  күні-түні  жұмыс істейтін базарлар бар. Одан қала тұрғындары бұйырған нәпақасын тауып жүр. Түркістан шаһарының болашағы зор. Ел үміті ақталып, күллі мұсылман қауымының  алтын ордасы саналатын көне шаһардың қарышты қадам жасайтын күні алыс емес. Қазірдің өзінде жеткен жетістігі жетерлік. Бүгінде қаланың жалпы өңірлік өнімі 77 млрд. 197 млн. теңгеге жеткен. Негізгі капиталға 18 млрд. 951 млн. теңге инвестиция тартылды. Осының нәтижесінде кәсіпкерлік нысандардың саны 13 мыңға жетіп, 33 мың адам жұмыспен қамтылды. Түркістанды алда толағай  табыстар күтіп тұр.

С.Құттыбайұлы

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қаз 2021=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

2

7

10

11

12

13

14

15

17

18

19

20

21

23

25

26

27

28

29

30

31

Галерея