Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

Ақниеттіктердің бәрі диханшылықпен айналысады

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2018-08-02

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында тұтастай бір ауыл диқаншылықпен айналысып, жұртқа үлгі болып жүр, деп хабарлайды Sputnik. kz . Түркістан облысындағы Сарыағаш ауданы Ақниет ауылында екі мыңнан астам халық бар. Екі жүзге жуық отбасы отынын тұтатып отырған елді мекенде барлық жанұя диқаншылықты кәсіп еткен. Ерте көктем шыға салысымен егін алқабын пана етіп, күнін көріп отырған халықтың көбі картоп, сәбіз, қырыққабат және өзге де көкөніс түрлерін егеді. Солардың бірі — 50 жастағы Лесбек Байболат.  Диқаншылықпен айналысып жатқаныма 20 жыл болды. Биыл қырыққабат пен сәбіз ектік. Жеті гектар жерге еккен қырыққабатты жинап, сатып үлгердік. Сәбізді де нарыққа шығардық. Одан соң жерімізге болгар бұрышын екпекпіз. Диқаншылық деген нар тәуекел деп істейтін жұмыс қой. Алған өніміңнің бағасы құбылмалы",- дейді Ақниет ауылының тұрғыны Лесбек Байболат. Нәпақасын жер жыртып, егіннен тауып отырған халық арасында бәсекелестік деген мүлдем жоқ екен. Тұрғындардың айтуынша, қайта керісінше, қандай да бір диқаншының егіс алқабында өнім пісіп, оны жинап үлгермей жатса, өзгелері көмекке келеді. Солай бір-біріне асарлатып қол ұшын беріп отырған халық өнім сатуда еш қиналмаймыз дейді. Себебі ақниеттік көкөніс пен жемістерді егістіктің басынан сатып алып кететіндер асып жетеді. Оның үстіне мұнда өнім өзге жаққа қарағанда 7-10 күн бұрын пісіп жетіледі. Тұтастай диқаншылықты кәсіп еткен ауыл халқы бүгінгі таңда 145 гектар егістік жерді игеріп отыр.

Жансая Тәуекелқызы

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

Соңғы жаңалықтар

«Экопатруль» жобасы Семей қаласының экологиялық проблемаларына назар аударады

2021-11-29: «Экопатруль» жобасы Семей қаласының экологиялық проблемаларына назар аударады 27 0

2021-11-28: «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» медицина қызметкерлеріне сый жасады 22 0

2021-11-26: Алматыда онкология және радиология орталығы ашық есік күндерін өткізеді 36 0

2021-11-20: Медициналық колледж студенттері Комирнати (Pfizer) вакцинасын салдырды 36 0

2021-11-20: Мәдина Ермаханбетова «Жүректен-жүрекке» қайырымдылық акциясын өткізді 55 0

2021-11-18: FAKE NEWS: Түркітілдес журналистер қоры онлайн курс ұйымдастырады 47 0

2021-11-18: Алматыда XIII республикалық «Media Құрылтай» өтеді 25 0

2021-11-09: Шымкентте жүрек-қан тамырларына тың әдіспен ота жасалуда 42 0

2021-10-27: «Халық-Life» АҚ компаниясы 2021 жылғы 3 тоқсанның қорытындысын жариялады 40 0

2021-11-05: АҚШтың Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Джуди Куоның форумдағы сөзі   133 1

<=Жел 2021=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея