Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: facebook

Өсім бар, өркендеу де…

412 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2018-09-05

Түркістан облысындағы Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков аудан журналистерімен кездесу барысында ауданның ақпараттық ашықтығын барынша кеңейте түсу, аудан тұрғындары мен қоғамға атқарылып жатқан істердің жариялылығын, қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында әкімдікке қарасты мемлекеттік мекеме басшылары аудан журналистерімен апта сайын брифинг өткізу туралы айтылған болатын. Осыған сәйкес, брифинг кестесі бекітіліп, жұмыс басталып кетті. Кеше, Төлеби аудан әкімдігінің конференция залында қала әкімі Болат Әділбеков және аудандағы БАҚ өкілдері қатысуымен алғашқы брифинг өтті.  Басқосуда қала әкімі Леңгір қаласының 2018 жылдың 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және алдағы міндеттері мен жоспарларымен таныстырды. Атқарылған жұмыстар слаид арқылы таныстырылды. Бюджет саласынан бастаған қала әкімі осы жылдың 8 айына қала әкімі аппаратының бюджеттік бағдарламаларына 286239,0 мың теңге қаралып, бөлінген қаржының толығымен игерілгенін, жер, мүлік, көлік, табыс салықтарының да 100,6 пайызға орындалғанын айтып өтті. Кәсіпкерлік, өнеркәсіп, жұмыспен қамту және әлеуметтік салаларда да ілгерілеушілік бар. 23 жұмыссыз азаматтар тігінші, азпаз, слесарь, электрик мамандықтары бойынша арнайы курстарға жіберілген. 4 жұмыссызға төмендетілген несие алуға жолдама берілген. 175 жұмыссыз тұрақты жұмыспен қамтылып, 47 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген. 85 жұмыссыз қоғамдық жұмыстарға тартылған. 76 жас маман жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен мемлекеттік мекемелерде жастар практикасынан өтуде. Білім, денсаулық сақтау, мәдени ет, спортсалаларындағы жетістіктерді жірке тізіп берді.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Мау 2022=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

4

19

24

25

27

28

29

30

Галерея