Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: ontustyk.gov.kz

Түркістанда халықаралық инвестициялық және туристік форум өтуде

👤Saq.kz 8 коммент. 🕔2018-09-29

Бүгін Түркістан қаласында «Көне Түркістан  – жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық инвестициялық жəне туристік форум басталды. Форумға Еуропа елдерінен, Түркия, Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай, Сингапур, Иран,  Малайзия, Пәкістан, Өзбекстан т.б.  мемлекеттерден 250-ден астам делегат келді.

 

Форумда Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдің дамуы және инвестициялық тартымдылығы жөнінде баяндама жасайды. Былтыр өңірге 482 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылып, бұл көрсеткіш бойынша республикада үздіктер қатарынан табылған. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне 129 млрд. теңге тартылып, 2,5 есеге ұлғайған. Облыста шағын және орта кәсіпкерлік жақсы дамыған. Инвестиция тарту мақсатында Түркістан қаласында  «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағын құру жұмыстары жоспарланған. Бұл аймақта кәсіпкерлерге 25 жылға дейін салық төлеуде жеңілдіктер қарастырылмақ.     

 

Сонымен қатар, форумда ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Түркі кеңесінің бас хатшысы Бағдат Әміреев, Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Владимир Пискурев, «RIXOS HOTELS» президенті Фетах Таминджи, Туризмнің Еуразиялық Ассоциациясының президенті Рысты Қарабаева,  Golden Camel компаниясының құрылтайшысы Еянг Джи, «DALHolding» компаниясының басшысы Демирджан Косе, «Атамекен» Ұлтттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов және өзге де спикерлер сөз сөйлейді деп жоспарланған.

 

Форум аясында В2В форматындағы кездесулер өтіп жатыр. Маңызды басқосуда Түркістан облысы әкімдігі мен шетел компаниялары арасында келісімдер мен меморандумдарға қол қойылады. Облыстың туристік, экономикалық әлеуетін көтеру, кәсіпкерлікті, өндірісті дамыту бағытында нақты жобалар ұсынылып, шетелдік инвесторлармен келісім жасау көзделген. 

 

Сонымен бірге «Туризм индустриясы — Қазақстан экономикасының жаңа драйвері», «Солтүстік-Оңтүстік экономикалық дәлізі» тақырыптарында және агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы адам капиталының рөлі жөнінде пікіралмасулар өтеді.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР (8)

  1. 🕔2019-12-26 06:56:39

    MarcusDaf

    Комментарий находится на модерации.
  2. 🕔2019-11-16 03:38:49

    AlonzoDOPSY

    Комментарий находится на модерации.
  3. 🕔2019-11-08 05:20:58

    Scottmub

    Комментарий находится на модерации.
  4. 🕔2019-10-11 00:23:29

    bbzAnnesk

    Комментарий находится на модерации.
  5. 🕔2019-09-29 23:54:22

    centrsnabAnnesk

    Комментарий находится на модерации.
  6. 🕔2019-09-23 02:28:33

    Normannit

    Комментарий находится на модерации.
  7. 🕔2019-09-07 10:13:40

    boff2

    Комментарий находится на модерации.
  8. 🕔2019-09-05 02:06:26

    seereernesib

    Комментарий находится на модерации.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қаң 2020=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

2

4

6

7

9

10

13

15

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея