Экономика Шымкентте тозығы жеткен үйлер түбегейлі жаңғыртылмақ Редактор 02.02.2022 12245 1 оқу мин Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшысы Ғалымжан Утенбаев тозығы жеткен үйлер орналасқан Еңбекші ауданының әкімімен кездесті. Кездесуде реновациялық бағдарламаны инвесторлар арқылы азаматтық заңнамаға сәйкес жүзеге асыру жайын қозғады. Реновация бағдарламасы әкімдіктің қаулысымен «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бекітілді. Аталған бағдарлама бойынша тізім жасақталып, тұрғындармен келісу жұмыстары жүргізіледі. Бағарламаға сәйкес, егер меншік иесі келіскен жағдайда мүлкін реквизициялау кезінде оның құны толығымен өтеледі, өткізілетін мүлік үшін өтемақы немесе салынып жатқан нысандардағы ауданы жағынан бірдей пәтер беру арқылы қамтамасыз етіледі. Айта кету керек, техникалық тексеру нәтижелері бойынша реновация бағдарламасына тозығы жеткен 107 тұрғын үй енгізілген. Оның ішінде Абай ауданында — 56, Әл-Фараби ауданында — 43, Еңбекші ауданында 8 тұрғын үй бар. Кездесу соңында биылға бірқатар көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жұмыстары талқыланды. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Тау туризмін дамыту — басты назарда 1 оқу мин Экономика Тау туризмін дамыту — басты назарда 05.03.2026 9024 ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 27.02.2026 7557 Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 1 оқу мин Экономика Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 24.01.2026 58164