Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: facebook

Жинаған ақшаны қалай сақтауға және көбейтуге болады – пайдалы кеңес

107 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2022-04-13

Сарапшының айтуынша, ақшаны көбейтудің тартымды құралдарының бірі – инвестициялық қорлар Әлемдегі геосаяси, экономикалық тұрақсыздық пен инфляция жағдайында жиған-терген ақшаны қалай және қайда сақтаған дұрыс деген орынды сұрақ туады. Осы орайда Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі директоры Ләззат Үсенбекова ақшаны сақтап қана қоймай, оны көбейтудің жолдарын да бөлісті. Ақшаны қалай сақтау керек Сарапшының айтуынша, ақша сақтаудың ең қарапайым формасы – бұл депозит. Өйткені депозитке салынған ақшаның үстіне сыйақы қосылады. "Ақшаның құны уақытпен бірге өзгеріп тұрады. Оған инфляция, басқа да факторлар әсер етеді. Мәселен, ақшаны сейфте сақтасаңыз, ұтыласыз. Себебі сыйақы жүрмейді, үстіне ақша қосылмайды. Ал егер депозитте жатса, қосымша пайда көресіз. Бірақ, бұл жерде банктің сыйақы мөлшерлемесі қанша екені де маңызды", - дейді Үсенбекова Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында. Десе де, маман үнемі пайда көздеп, ақшаның соңынан жүгірмеуді ескертті. Себебі кіріс жоғары болған сайын, ақшаны жоғалту тәуекелі де артады. "Ақшаны сақтау тұрғысынан және тәуекел мен кірістіліктің ақылға қонымды теңгерімін ескерсек, депозит ең сенімді қаржы құралдарының бірі саналады. Өйткені мемлекет оған кепілдік береді. Яғни, банк банкротқа ұшыраса, депозиттің кепілдендірілген сомасы клиентке толығымен қайтарылады", - деп түсіндірді сарапшы. Ең жоғары кепілдік берілетін сома: ұлттық валютадағы жинақтаушы жинақ (депозит) бойынша – 20 млн теңгеге дейін; ұлттық валютадағы басқа да депозит бойынша – 10 млн теңгеге дейін; шетелдік валютадағы депозит бойынша – 5 млн теңгеге дейін. Егер ақша көп болса, оны әртүрлі банкте сақтауға мүмкіндік бар. Мысалы, 40 млн теңгені жиырма миллионнан екі банкке бөліп салуға болады. Есесіне, екі депозитке де кепілдік беріледі. Тағы бір сенімді құралдардың бірі, Үсенбекованың айтуынша, бұл алтын. Көп елдің орталық банкі алтынды құйма түрінде шығарады. Қазақстанда алтын құймаларын валюта сияқты айырбастау пунктерінде сатып алуға және сатуға болады. "Бұл ретте бір ескеретіні: алтын бұйымдарды сатып алу – алтынға инвестиция құю емес. Таза алтынның орнына алтын сырға немесе алқа сатып алсаңыз, қатты ұтыласыз. Өйткені зергерлік бұйымдар өз құнын тез жоғалтады", - дейді тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі директор. Алтын бұйымдар сияқты, автокөлік те инвестицияға жатпайды. Ол тек күнделікті өмірде жүріп-тұруға қажетті қозғалыс құралы. Жыл өткен сайын көлік өз бағасын жоғалтады, темір тозады. Яғни, оны өз бағасынан қымбатқа сата алмайсыз. Үсенбекова ақша сақтаудың тағы бір құралы жылжымайтын мүлік (мысалы, пәтер) екенін атап өтті. "Үй апатты және тым қымбат болмауға тиіс. Қымбат үйге сатып алушы табылмауы мүмкін. Ең тиімдісі – бір және екі бөлмелі пәтерлер. Мәселен, ақшадан қысылғанда, бес бөлмелі пәтерді тез арада сатып жібере алмайсыз. Қарапайым халық, көбіне, бір немесе екі бөлмелі пәтерлерді іздейді. Сондай-ақ үйдің сапасы да маңызды рөл ойнайды. Ескі үйлерден ешкім баспана алғысы келмейді", - деді ол. Ақшаны қай валютада сақтаған тиімді Қаржыгерлер қауымдастығының өкілі қазақстандықтарға жинаған ақшаны әртүрлі валютада сақтауға кеңес берді. "Қаражаттың бір бөлігін теңгеде ұстаған дұрыс. Өйткені біз азық-түлік пен тауарларды теңгемен сатып аламыз, теңгеге сатамыз. Ал екінші бөлігін доллармен сақтауға болады. Немесе үш валютаны таңдау керек. Жартысын теңгемен, қалған жартысын екі валютаға – доллар және еуроға бөлуге болады. Швейцариялық франк те тұрақты. Яғни елу де елу қағидатын ұстанған абзал", - деді Үсенбекова. Қаражатты көбейту жолдары Ақшаны көбейтудің бірнеше жолы бар: бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар. Депозитпен салыстырғанда, олардың кірістілігі жоғары. Бірақ есесіне тәуекелі де жоғары. "Жалпы инвестиция жасағанда, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін естен шығармаған жөн. Кез келген қаржы құралының кірістілігі жайлы сөз қозғағанда, дәл осы жылдық ставканы есептеу керек. Бірақ оны қарапайым калькулятормен есептеп шығару қиын. Арнайы қаржы калькуляторы қажет немесе білікті маманмен кеңескен дұрыс", - деп ескертті директор. Айтуынша, ақшаны көбейтудің тағы бір тартымды құралдарының бірі – инвестициялық қорлар. "Инвестициялық қорлар сіз үшін бағалы қағазға да, жылжымайтын мүлікке де инвестиция құяды. Сіз олармен келісімшарт бекітіп, артық ақшаңызды бересіз. Кейін олар оны сіз үшін инвестициялайды. Ең бастысы, қордың Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің инвестициялық портфельді басқару қызметіне лицензиясы болуы шарт. Әйтпесе, былтырдан бері көп адам жалған брокерлік компанияларға алданып, сан соғып қалды", - дейді Үсенбекова. Лицензиясы бар инвестициялық қорлар тізімімен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтынан танысуға болады.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ» акциясы өтті

2022-05-27: Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ» акциясы өтті 9 0

2022-05-27: Түркістан облысында «Айбын–2022» VIII облыстық әскери-патриоттық жарысы өтті 18 0

2022-05-27: АРЫСТА БАЙҚАУ ОРТАЛЫҒЫ РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗДІ 27 0

2022-05-27: ТЕМІРЖОЛШЫЛАР РЕФЕРЕНДУМҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ 23 0

2022-05-27: «AMANAT»: ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ «ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРАЙ 10 000 ҚАДАМ» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ 27 0

2022-05-27: Новые возможности инвестиционной активности 35 0

2022-05-27: Этот шаг будет способствовать еще большему сближению двух братских стран 26 0

2022-05-27: Казахстан готов в полной мере исполнять все обязательства и совместно реализовывать важные проект 36 0

2022-05-27: В Новом Казахстане большое значение будут иметь стратегические партнерские отношения с соседями 27 0

2022-05-27: По итогам официального визита в Кыргызстан президенты двух стран дали свои оценки на брифинге 25 0

<=Май 2022=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

7

8

10

28

29

30

31

Галерея