Экономика Түркістан облысының алғашқы қырыққабат өнімдері Ресейге жөнелтілді Редактор 13.04.2022 14617 1 оқу мин Жетісай ауданы, Ынтымақ ауылдық округіндегі «Комилжон» шаруа қожалығы қырыққабаттың алғашқы өнімдерін Ресейге экспорттауда. Шаруа қожалыққа тиесілі 12 гектар жерге ақпан айында қырыққабаттың ерте пісетін «Пекин», «Магнус», «Зарисма» сорттары егілген болатын. 2 гектар алқапқа егілген «Пекин» қырыққабатының 80 мың түп көшетінен алынған өнім 80 тоннаны құрап отыр. Жетісай ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы Нұртас Тұрсынбековтің айтуынша, биыл 900 гектар аумаққа қырыққабат егілген. Алдын-ала болжам бойынша 30 мың тонна өнім алу жоспарлануда. Қырыққабаттың басым бөлігі Ресей, Беларусь және Еуропа елдеріне экспортталады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Тау туризмін дамыту — басты назарда 1 оқу мин Экономика Тау туризмін дамыту — басты назарда 05.03.2026 8880 ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 27.02.2026 7179 Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 1 оқу мин Экономика Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 24.01.2026 58104