Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: ontustik.gov.kz

Орталық су спорт кешенінде 8 мың адам жаттығады

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2016-09-18

Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінде су спортымен айналысатын спотшыларымыз артып келеді. Олардың біразы халықаралық жарыстарда облысымыздың ғана емес, еліміздің де абыройын асқақтатып жүр. Спортшылардың су спортшымен айналысуына барлық жағдай қарастырылған. Орталық су спорты кешені халықаралық стандартқа сай жабдықталған бірден-бір нысан. Өткен жылы 635 адам су спортымен тұрақты түрде шұғылданған болса, соның 114-ін кәсіби спортшылар құраған Ал,орталыққа келушілердің саны жылына 8 мың адамға жуықтаған. Мұнда халықаралық деңгейдегі жарыстар да өткізіліп тұрады. Ал Мұз сарайында мәнерлеп сырғанау үшін келетіндерде есеп жоқ. Кәсіби түрде түрде жаттығатын спортшылар да көп. Аумағы 9000 шаршы метрді құрайтын нысанда мұз айдыны, коньки сақтайтын орын, медпункт, спорттық залдар, киіну және жуыну бөлмелері мен бірнеше кеңсе бөлмелері орналасқан. Олардың барлығы да заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Соңғы технологиялармен салынған мұзайдынында бір мезетте 100-ге жуық адам конькимен сырғанай алады. Сондай-ақ, айдында қысқы спорттың бірнеше түрлерімен айналысуға мүмкіндіктер бар. Облыс жастарының  ең қызығатын спорт түрі коньки тебу болып шықты. Бұл спорт түрімен айналысуға жастар күндіз де, кешке де ағылып келіп жатады. Ал спорт басшыларының айтуынша дәстүрлі спорт түрлерінен бөлек ұлттық спорт түріне қызығушылығы артып, қаламыздың атын шығарып жатқан  спортшылардың қатары қалың. 

Динар Бекасыл

 

 

 

 

 

 

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Шіл 2019=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея