Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: архив

«Oxy Textile» фабрикасының жұмысы жанданды

👤Saq.kz 1 коммент. 🕔2015-02-25

«Oxy Textile» фабрикасының жұмысы жанданды

Шымкенттегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында» орналасқан «Oxy Textile» жіп иіру фабрикасының жұмысы қайта жанданды. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің» қолдауымен жұмысы қарқын алған кәсіпорында бүгінде тоқсаннан астам адам жұмыс жасауда. Өндіріс толық қуаттылыққа шыққанда 270 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Фабрика шикізатты «Baiterek Venture Fund» АҚ тарапынан бөлінген 907,5 млн.теңге қаражатқа алып отыр. Мақта-мата жіп иіру өндірісі бойынша кәсіпорын толық іске қосылғаннан кейін оның қуаттылығын жылына 6 183 тонна дайын өнім алуға дейін жеткізу көзделуде. Өндіріс тоқыма өнеркәсібінде пайдаланылатын заманауи технологиялармен жабдықталған. Шығарылатын өнім халықаралық стандартқа сәйкес. Бастапқы кезеңде кәсіпорынның дайын өнімі экспортқа шығарылса, келесі кезеңде өнімдер ішкі нарыққа бағытталмақ. Қазіргі таңда экспорт бойынша көршілес Қытай мемлекетімен келіссөздер жасалуда.

Сапарбек Тұяқбаев, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары:

- Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі тарапынан «Oxy Textile» ЖШС сауықтырудың әр кезеңінде жан-жақты қолдау жасалды. Бүгінде «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағына» қажетті инженерлік инфрақұрылым тартылған. Бүгінде аймақта 21,665 млрд. теңгені құрайтын 8 жоба іске асып, 1445 жұмыс орны ашылған. Одан бөлек, құны 114,7 млрд. теңгені құрайтын 11 жоба аясында жұмыстар жүргізілуде, жобалар іске асқанда осында 7141 жұмыс орны ашылатын болады.

 

 

ПІКІР (1)

  1. 🕔2015-02-26 16:55:01

    Мен қазақ

    елімізде, оның ішінде оңтүстікте осындай оңды істер көбейе берсе екен, оралымды істерге оң бағыт беретін жас басшыларымыз сапарбектей көп болсын

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Жел 2018=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея