Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Төлеби ауданында жабық спорт сауықтыру кешені ашылды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру — әрбір азаматтың міндеті. Еліміздің келешегі жастар десек, әлеуметтік — экономикалық жағынан жан-жақты дамыған, өркениетті, мәдениетті мемлекет құруымыз үшін ұрпағымыздың дені сау, салауатты болуы міндетті. Шынығу – салауатты өмір салтының негізі. Осы қағидаларды ұстана отырып, осы ауданның тумасы жеке кәсіпкер Тойчиев Хыдыр «Сұлтан Рабат» елді мекенінде 20 млн теңгеге дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салып, ел игілігіне табыстады. Жалпы 0,17 га жерге салынған бұл нысанда жабық футбол алаңы, үстел теннисі мен тренажер залдары бар. Былтырғы жылы ауданданда 314 спорт нысандары тіркелген, бұл көрсеткіш биылғы жылмен салыстырғанда 332 спорт нысанына артып отыр. Соның ішінде 13 спорт алаңшасы 5 мектеп жанындағы спортзалдар пайдалануға берілді. Мұның барлығы да экономиканың өсіп өркендеуінің арқасында жүзеге асып отыр. Жек кәсіпкерлер облыс қазанын қомақтыландыруға да, әлеуметтік дамуға да зор үлесін қосып отыр.
Связанные истории
29.11.2016
36625
29.11.2016
28877