Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Төлеби ауданының орталығында ауданның өнерлі жастары домбыра party іс-шарасын өткізді. Өткізілген іс-шараның мақсаты аудан жастарының бос уақытын тиімді пайдалану, қазақтың ұлттық аспаптарын, соның ішінде жалпы халықтық саз құралы ретінде домбыраны, ұлттық музыканы, ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қайтадан сәнге айналдыру және жалпы қазақшылықты насихаттау мақсатында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткізілді. Іс-шара барысы ауданның өнерлі жастары орталық саябағынан бастау алып, Ғарыш кинотеатрының алаңында бас қосты. Екі шектің бірін қатты, бірін сәл-сәл кем бұра, нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра десек қазақтың төл аспабы домбыраны қолға алып, соны мен қатар ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен дәстүрлі әндерді орындаған болатын, тек дәстүрлі әндермен шектеліп қана қоймай қазіргі уақыттың талабына сай әндерді орындап, саябаққа жиналған жастардың назарын аударды. Кешегі Қонаевтың өзі айтқандай ел бесігі, жер кіндігі Төлеби бабамыздың табаны тиген жер болғандықтан тіліне шешендік дарыған азаматтарыда кем емес. Аудан жастары осы кештің өздерінің уақыттарының қызықты өткенін айтып, алдағы уақыттарда жалғасын табатынын айтып тарқасты.
Связанные истории
13.09.2024
273088