Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Төле би ауданының орталығы Леңгер қаласында Қазыбек бидің 350 жылдығына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына және Құрасбек Тыныбековтің 70 жылдығына орай ұмыт болып бара жатқан бабалар мұрасын қайта жаңғырту арқылы орындаушыларға қолдау көрсетті талантты. Дарын иелерін демеу арқылы, ұлттық өнерімізді өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында «Даланың жыр шежіресі» атты жыршы-термешілер арасында байқау ұйымдастырылды. Байқауға аудандағы ауылдық округтерде өткен іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен жыршы-термешілер қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Әрбір қатысушы екі жыр, екі терме орындап, жиылған жұрт тарапынан қызу қолдауға ие болды. Жергілікті жырсүйер қауымнның көңілінен шықты. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының ортақ шешімімен ІІІ орынды Леңгер қаласынан қатысқан Қаныбек Тоқтағұлов иеленсе, ІІ орынды Тасарық ауылдық округінен келген Жұлдызай Тұрғынбек лайық деп танылды. Ал, І орынды Ғалымжан Мұстафаев жеңіп алды. Жалпы, жыршы-термешілер байқауына белсене қатысып, өз өнерлерімен көрерменнің көзайымына айналған барлық жыршы-термешілер арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.