Рухани байлығымыз халқымыз екендігін ескерсек, сол байлықтың нығаюының кепілі — ауыл мәдениеті мен халықтың әлеуеті. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында туған жерді түлету әр бір азаматтың парызы екендігіне тоқталып атап өткен болатын. Бүгінгі таңда ауданымызда қызу қарқынмен атқарылып жатқан игілікті істерге аудан кәсіпкерлері де үлесін қосып отыр.
Ер туса – ел ырысына балаған халқымыздың перзенттері туған жер — алтын бесік аясында көптеген келелі істерді атқарып келеді. Соның дәлелі бүгін қасиетті жұма күні аудан орталығында тағы бір көрікті ғимараттың лентасы қиылды. Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Отарар ауданындағы Шәуілдір ауылының тумасы, аудандық мәслихат депутаты, жеке кәсіпкер Аралбай Дүйсенбайұлының өз қаражатына салынып халық игілігіне берілгелі тұрған жаңа нысан «Керемет» демалыс кешені аясында бой көтерді. Аудан тұрғындарына сапалы және арзан бағадағы тауармен, киім-кешектер сатылымға шықпақ. Атап өтетін жайт бұл нысанда аудан кәсіпкерлерінің бұйымдары мен өнімдері көпшілікке ұсынылатын болады.
Шараға аудан әкімі Ерлан Айтаханов арнайы қатысып, ғимараттың лентасын қиды. Сондай-ақ «Парасат» орденінің иегері, халық ақыны Әселхан Қалыбекова жырдан шашуын арнаса, ҚР Мәдинет қайраткері Тұяқбай Мұсатаев ақ батасын берді. Жиылған көпшілік ғимаратты аралап жылы лебіздерін білдіріп жатты.
Связанные истории
13.09.2024
272414