ОҚО Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне келуші шетелдік қонақтар легі еш толастаған емес. Бұл жолғы қонақтар көршілес Өзбекстан елінен келді. 60 адамнан тұратын делегацияны бастап келген «Өзбекстан қазақ ұлттық мәдени орталығы» төрағасының орынбасары Хамза Халмуратовтың айтуынша айтулы Ұлттық орталық «Өзбекстандағы саяси тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты және билік тарапынан республикадағы қазақ қауымы мүдделерінің ескерілуіне оң септігін тигізуді, ұлтымыздың тілі мен мәдениетін, салт-дәстүрлерін және де басқа қазақи құндылықтарын сақтап қана қоймай кеңінен үгіт-насихаттап әрі қарай дамытуды, сондай-ақ, республика аймағындағы көптеген қазақ халқы мен байланысты тарихи мұралар мен ескерткіштерді де іздеп, анықтап, зерттеп күтімге алу жұмыстарын атқаруды өзінің басты мақсаты деп санайды» — деген пікір білдірді. Өзбек бауырлар «Әзірет Сұлтан» қорық-музей басшылығына өзбектің шапанын жауып, сый-сияпаттар жасаса, қорық-музей тарапынан директордың орынбасары Серік Үркімбаев «Өзбектер мен қазақтар туыстас халықтар, оларды әрқашан да ғасырлардан тамыр тартатын туысқандық тіні жалғастырып келеді» — деп музейдің баспа өнімдерін сыйға тартты. Жиын соңында делегация құрамы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат жасап «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің тыныс-тіршілігімен танысты.
«Өзбекстан қазақ ұлттық мәдени орталығы» Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Елшілігі, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы және басқа халықаралық және қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым-қатынас жүргізіп Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Мәңгі Достық келісімінің сәтті орындалуына, халықтарымыз арасындағы достық пен ынтымақтастықтың нығаюына, тыныш-татулықты сақтауға, әдеби-мәдени және рухани байланыстардың дамуына барынша ат салысып келеді.
Связанные истории
13.09.2024
272582