Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында республикамызда сан-алуан мәдени іс-шаралар атқарылғаны мәлім. Театр әлемін дүр сілкіндірген бірнеше театр фестивальдері соның айғағы. Додалы жарыста шашағы шыпшымайтын өнерпаз бар ма?! Ж.Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық академиялық қазақ драма театры Астана қаласында өткен Жас режиссерлердің Қайрат Сүгірбеков атындағы I Республикалық форум фестиваліне О.Богаевтың «Ылдиға жол» — пәлсапалық әфсанасымен
қатысып қайтты. Қойылымның режиссері Болат Абдрахманов. Бүгінгі қоғамның бет бейнесін ашып көрсеткен қойылым өте сәтті шыққан. Әрі әртістердің шеберлігі туындының шынайылығын арттыра түскен. Қазақстан Театрлары ассоциациясы ұйымдастырған фестивальге республикадан 13 кәсіби театрлар қатысып, әр қойылым қазылар алқасымен қызу талқыға түсті. Сақадай-сай қазылар алқасының тегеуріні мықты алқысынан, сүзгіден өткен жас актерлерге, фестивальден алар тәлім молшылық. Біздің қойылымдағы алдыңғы аға буын артистер — ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мәжит Ілиясқар мен ҚР Мәдениет қайраткері Гүлшат Еспай сынды саңылақтарымыздың сахнада ойнау шеберлігіне риза болып, «осындай аға буыннан жастардың кәсіби тәлімді мейлінше алып қалуына» тілек білдірісті. Ұжым, фестивальдің Дипломанты болып қайтты.