Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Қазығұрт аудандық Мәдениет сарайында «Жаса мәңгі, мәдениет!» атты айрықша іс-шара болды. Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған аталмыш іс-шараны аудан әкімі аппаратының жетекшісі Әбілқасым Қожахан ашып, өнер саласы қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтады. – Оңтүстік өңірі, соның ішінде киелі Қазығұрт ауданы да өнерге бай өлке. Қазығұрттықтар өнер өлкесінде өзіндік үлесімен көзге түсіп, ел құрметіне бөлене білген. Төлеш, Сақы, Тасболат, Өмірсерік секілді бір тума ақындар, кейінгі буыннан шыққан Болат Шарахымбай, Болат Қалыбеков, Бекемкүл Батырбекқызы, Бақытжан Алдияр тәрізді дарындар, Қалаубек Тұрсынқұлов, Тұрап Тула, Сауытбек Әбдірахманов, Нұрғали Ораз сияқты жазушы қаламгерлерімізбен мақтанамыз. Дирижер Ізбасар Өтешов, әртістер Бауыржан Ибрагимов, Сәбит Әбдіхалықов, әншілер Сейфуллин Жолбарыс, Өктем Алтаев, Гүлжамал Әбішева өнерлерін ауыл сахнасында шыңдап, бүгінде республика деңгейінде өнер көрсетуде. «Жұлдыздар» және «Таңшолпан» халықтық би ансамбльдері республика мен шетел қауымына да танымал. Ауданымыздағы қазіргі халықтық атағын алған театр ұжымы мен жалпы мәдениет бөлімі ұжымының өнері де көпке үлгі, – деді Ә.Қожахан.
Аудан әкімінің «Алғыс хатымен» Қызылқия ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Рүстем Тайыров, Сынтас және Шарапхана ауылдық округінің кітапханашылары Динара Пернебаева мен Нұрзия Қасымбекова, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының «Алғыс хатымен» Жаңабазар ауыл округінің кітапханашысы Салиха Тұяқбаева, аудандық мәдениет сарайынан музыкалық жетекші Еркін Достаев пен бас есепші Тұрдыкүл Көшербаева марапатталды.
Связанные истории
13.09.2024
272414