ОҚО Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген міндеттерді орындау барысында «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы бойынша «Киелі өлке – шежіресі» атты оnline-сабақ өтті.
Іс-шараның мақсаты — «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы бойынша Туған өлкеге деген қадір-қасиетті оята отырып, сол арқылы туып-өскен өлкеге, отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, Оңтүстіктің киелі жерлеріне саяхат жасау. Іс-шара барысында библиограф Оңтүстіктің киелі жерлері бойынша виртуалды саяхатты көрсетіп, жазушы, шежіреші, Қазақстан педагогика академиясының профессоры Момбек Әбдәкімұлымен онлайн байланысқа шықты. Балалар өздерінің білімдерін көрсетіп, профессордың қойған сұрақтарына жауап берді. Online-сабақ «Қасиетті Түркістан» атты бейнероликпен аяқталды. Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Д.И.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейінде 2 сынып оқырмандарымен «Демалыстың қызығы кітапта» (жазда не оқуға болады?) атты біліктілік сайысы өтті.
Мақсаты: оқырман балалардың жыл бойы алған білімдерін тиянақтап бекіту, берілген сұрақтарға ойланып, дұрыс жауап беруге үйрету. Шара барысында кітапханашы жазғы демалыста ақын-жазушыларымыздың қандай шығармаларын оқу туралы қысқаша тоқталып, оқыған кітаптары бойынша сұрақ-жауап ойыны ойнатылып, өз білімділіктерін танытқан балаларға кітапхана атынан «Алғыс хаттар» табыс етілді.