ОҚО жастар саясаты мәселелер жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жастар арасында «Көкейдегі бар әлем» жобасы аясында
«Жүрегім толы мейірім» атты қайырымдылық акциясы.
Ұйымдастырылып өткізілген іс-шараның мақсаты мүмкіндігі шектеулі жастар мен жасөспірімдердің өмірге құштарлығын арттыру, қиындықпен күресуге бейімдеу, қоғам назарынан тыс қалдырмау, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы ортаны қалыптастыруға жұртшылықтың назарын аудару.
Ең алдымен ОҚО «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологиялық көмек көрсету және дағдарыстың алдын алу бөлімінің психолог маманы Ж.Балтабаева мүмкіндігі шектеулі жастарды қолдау және ынталандыру бойынша және жеке мүмкіндіктерін ашуға ресурс қарастыру болып табылатынын айтып өтті.
Келесі Төлеби аудандық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жетекшісі А.Тастанов сөз алып, мүмкіндігі шектеулі жандардың басым бөлігі еңбек етуге қабілетті жаста, және әлеуметтік көмекпен қолдау көрсету жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға, жеке кәсіп ашуға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп отырғанын айтып, жастарға сәттілік тіледі.
Әрмен қарай «Халқыма тағзым мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрайымының Г.Жайлымысова өзінің арнайы дайындап келген әндерімен мүмкіндігі шектеулі жастардың көңілдерін көтерді.
Іс-шара соңында ОҚО Кәсіпкерлер палатасының Төлеби аудандық филиалының бизнес тренері Ж.Кенжебеков жастарға бизнес жоспар бойынша жеке кәсіп ашу, жобаны жүзеге асыру үшін қаржылай көмекке, қолдауға қол жеткізу жолдары жөнінде түсіндіріп өттіп, іс-шараны қорытындылады.
Связанные истории
13.09.2024
272121