Театр — адамның рухани айнасы. Қоғам дертін терең ұғынуға ықпал еткен Жұмат Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық академиялық қазақ драма театры 84-ші маусымның шымылдығын түрді. Шығармашылық ұжым жаңа маусымда бауырлас түркі жұртының драматургі Тунджер Джудженоглуның «Көшкін» пьесасын сахналады. Қойылым режиссеры — Асқар Алтынбеков. 200-ден астам қойылымға жаңа тыныс сыйлаған театр тарландары «Көшкін» пьесасын 3-ші рет патша көңіл көрермен назарына ұсынып отыр. Қоғам мен ұлттық құндылықтың арасында алшақтық, қайшылық болған жағдайда, адамдарға төнер қауіп қаншалықты екенін анық көрсеткен әртістердің шеберлік деңгейі таңдай қақтырды. Нүркен Орынбек – Ж. Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының әртісі «Бұл рөл менің есептегенде 3-ші басты рөлім басты кейіпкерде. Енді өзімнің жаныма жақын қазақтың тұлғаларын классикадан «Қозы Көрпешті» шетел классикасына келсек, тұлғалдарды сомдағым келеді». Театр үшін биылғы маусым ерекше. Себебі, биыл өнер мекемесіне аты берілген тұлғаның 125 жылдық мерейтойы. Дүбірлі думан қарсаңында әртістер Жұмат Шаниннің «Арқалық батыр» туындысын сахнаға шығармақ. Бас-аяғы 13 актер сомдаған бүгінгі қойылым – көрерменге тың ой салды. Мейірбек Жұмабек – көрермен «Театр актерлері мен актрисаларының үлкен шеберлікпен орындағаны жақсы әсер етіп тұр. Шымкент қала тұрғындары мен қонақтарына айтарым, осы театрдан әсер алып, әрқашан келіп, осы жерден үлкен насихатжәне адамдық қасиет, мынау жанұяларыңызға үлкен үрмет көрулеріңізге болады». Ә.Құдайбергенова қазақшалаған қойылым – көне дәстүрді қолдаушы аға буын мен жастар арасындағы қақтығысты айшықтайды. Заман ауысқанмен, адам тағдыры, келер ұрпақтың болашағы — басты құндылық болып қала бермек. Драмалық қойылым желісі осыған саяды.
ДАНА Мырзақадір