Тіл – мерейлі мемлекетімізді мекен еткен сан алуан ұлт пен ұлыс өкілдерінің достығы, береке-бірлігінің және жасампаздығының айқын белгісі.
Кемелденген еліміздің кемеңгер көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана. Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мейлінше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді», — дей келе, ұлттық сананың көкжиегін кеңейтуді алға тартқандығы белгілі.
Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай ОҚО Сайрам аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Қ.Жандарбеков атындағы аудандық мəдениет үйінде «Мəңгілік елдің мəңгілік тілі» атты аудандық форум өтті. Форум аудандық Тілдерді оқыту жəне дамыту орталығының, жекеменшік тіл оқыту орталықтарының жəне этно-мəдени орталықтарының көрмесімен бастау алды. Тіл туралы бейнеролик көрсетілді. Аудан əкімі Мамаев Бақтияр Сапарəліұлы мен аудандық мəслихат хатшысы Сүлейменов Жансерік Мұсаханұлы аудан халқын айтулы мерекемен құттықтап, тіл жанашырларын марапаттады. Сондай-ақ, аудандағы этно-мəдени орталықтарының атынан Кевлишвили Марал, Патчаева Ольга, Малабаева Луиза, Пазаева Мальвина мемлекеттік тілде баяндама оқыды. Форумның соңы мерекелік концертке ұласып, этно-мəдени орталық өнерпаздарының өнері көрермендердің көңілін серпілтіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Связанные истории
13.09.2024
272121