Оңтүстік Қазақстан облыстық Тарихи – мәдени — этнографиялық орталықтың қор бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 20-24 қыркүйек аралығында «Менің туған өлкем» атты өлкетану жұмыстарын жандандыру және экологияны жақсартуға орай «Невада-Семей» қозғалысы атты фото көрме өткізілді. Көрмеде 40 – тан астам фотосуреттер қойылды. Көрменің басты мақсаты: Кейінгі жас ұрпақты елімізде болған Семей ядролық полигоны жайлы жан-жақты түсіндіру. Семей сынақ алаңы – КСРО Қорғаныс министрлігі мен Атом өнеркәсібі министрлігінің бұйрығымен құрылған, ядролық жарылыстар жүргізілген сынақ аймағы. Семей полигоны — Қазақстанның ядролық қасіреті. Сынақ аймағында 1949–1989 жылдар аралығында 470-тей қуаты әр түрлі ядролық жарылыстар жасалды.
М.Әбенова атындағы жалпы орта мектебі және жас турист орталығының оқушылары қатысты. Көрме өз деңгейінде өтті, оқушылар арасында өз ойларын білдіріп жатқандар да болды. Әрине мұндай шаралардың берері көп. Өйткені жас ұрпаққа өткен тарихты ұғындырып отыру аға буын өкілдерінің міндеті. Алдағы уақытта мұндай көрмелерді көптеп өткізу жоспарда бар.
Связанные истории
13.09.2024
271920