Халықаралық «Алтын сақа» анимациялық фильмдер фестивалінің қонақтары мен қазылар алқасы жəне қатысушылар Қазақстанның орта ғасырлардағы әйгілі қалаларының бірі саналатын Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Отырар ауданына сапар шегіп тарихи, киелі орындарды аралады.
Бабтардың бабы — Арыстанбаб кесенесіне барып, құран бағыштаған Түркі əлемінің Оңтүстікке келген өкілдері, тарих беттерінде айрықша орны бар Отырар төбе тарихи мекенімен де танысты. Ескі қала орнымен танысты. Тасын түртсең тарихтан сыр шертетін киелі мекеннің бар түкпірін аралап шығуға бейіл екендіктерін айтты. Шежірелі мекеннің көне заандардан келе жатқан аңыздарына қанықты.
«Тарих беттерінен көріп, оқығанымыз болмаса бұл мекенге тұңғыш рет келуім. Кино саласы қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан тарихи жерлерге де өте бай. Керемет фильмдерді көптеп түсіріп, тарихты кино арқылы насихаттауға қолайлы. Түркі əлемінің басын қосып маңызды ақпарат, тарихи орындармен танысуға себепкер болған бұл басқосу мен үшін ерекше»-дейді, Түркия мемлекетінің өкілі Йылдызчи Бекир.
Түркі əлемінің өкілдері бұған дейін Түркістан қаласындағы «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-мұражайымен танысқан болатын.
Связанные истории
13.09.2024
271920