Оңтүстік Қазақстан облысының орталығында жуырда өткен қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу мақсатында облыстық «Халықтық дәстүр – қалыптылық белгісі!» фестивалі өтті. Облысымыздағы түрлі этномәдени бірлестіктер мен этностардың жас отбасылары арасында өткізілген фестивальде өнерпаз отбасылар өлең, жыр оқу, ұлттық би билеу, мемлекеттік тілде ән айту және мақал-мәтел айту сынды төрт бағыт бойынша бақ сынасты.
Фестивальге Созақ ауданының намысын қорғап Раушанхандар отбасы қатысты. Науайы атындағы жалпы орта мектебінің мұғалымы Ушибаева Индира бастаған, оның ұлдары Раушанхан Әлішер мен Раушанхан Әнуар қоштаған отбасылық топ фестивальге тыңғылықты дайындалып, нәтижесінде үздік өнерпаздар қатарынан табылды. Әлішер М. Мақатаевтың «Арманым, тіріл көз ілген» атты өлеңін, Әнуар Абайдың «Қыс» атты өлеңін нақышына келтіре оқып, өлең, жыр оқу бағыты бойынша жүлделі ІІ орынды иеленіп, 100 мың теңгенің сертификатын олжалады. Отбасылық топтың биіктен көрінуіне ең әуелі өздерінің білімі мен өнері себеп болса, отағасы Хикмат Азибаев пен Созақ аудандық «Өзбек этномәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұхамеджан Бабаевтың рухани, моральдық қолдауларының да арқасы деп білеміз.
Раушанхандар отбасын марапатымен құттықтай отырып, алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыра беріңіздер демекпіз!
Связанные истории
13.09.2024
271920