Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Ордабасы Ауданы әкімінің орынбасары Б.Омарбековтың бекіткен кездесулер кестесіне сәйкес Қажымұқан ауыл округінің «Темірлан» жалпы орта мектебінде оқушылар арасында келеңсіз жағдайлардың алдын алуға бағытталған аутодиструктивті оқиғалардың, саналы отбасылық некелі өмірге дайындау, ойланбай қарым-қатынасқа түсудің алдын алуға арналған «Дін және ұрпақ тәрбиесі », «Қыз тәрбиесі ұлт тәрбиесі», «Өмірді танып білуге құштарлық» тақырыптарында кездесу өтті. Мәдени шараның мақсаты жастардың бойына рухани, мәдени, имани қасиеттерді сыңыру болып табылады. Кездесу соңында оқушылардан сауалнамалар алынып методикалық көмек ретінде «Дін және дәстүр тағлымы», «Дін және қазыргі заман» атты кітапшалар тарқатылды. «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Әлеуметтік псиxологиялық сүйемелдеу қызметі секторы бірлесіп Шарбұлақ ауыл округінде, аудан аумағында діни экстремизм, терроризмнің алдын алу мақсатында мектеп оқушыларымен кездесу өтті. Кездесу барысында сөз алған әлеуметтік психологиялық сүймелдеу қызметінің теолог маманы Ғалымжан Сағат өз сөзінде діни экстремизм кереағар ағымдары мен секталардың алдын алу және олардың алғы белгілері туралы түсіндірді.
Связанные истории
13.09.2024
271920