1998 жылы Елбасымыз Н.Назарбаев Қазақстан халқының тілдер мерекесі күнін тойлау жөнінде Жарлыққа қол қойған болатын. Осы айтулы мереке жыл сайын 22 қыркүйекте тойланып, еліміздің әр өңірінде мәдениетіміз бен тілімізді дамыту бойынша түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді. Осыған орай 21-қыркүйек күні Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Отырар ауданында «Мәңгілік елдің — мәңгілік тілі» тақырыбында мерекелік іс-шарасы болып өтті. Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары П.Жаппарқұлов арнайы қатысып, ауданымызда тіліміздің мәртебесін көтеру, тіл мәдениетін өркендетуде өзіндік үлес қосқан бір топ азаматтарға аудан әкімінің алғыс хатын табыстады. Мәдени шараға қатысушылар айбыны асқақ ана тілмізді дәріптеуге барынша атсалысатындарын тілге тиек етті. Айта кетейік, 2017жылдың 29 маусымы күні мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері «Қазтест» жүйесі бойынша тест тапсырған болатын. Отырар қорық-мұражайының қызметкерлері де Қазтест жүйесі бойынша байқауға қатысып, жақсы нәтиже көрсетті. Байқауда жоғарғы көрсеткішке ие болған мұражай қызметкерлері М.Ахмет және Б.Арыстанбаева аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Музей ұжымы марапат иелерін шын жүректен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, шығармашылық табыстар тілейді !