Торғай даласында, атақты Амангелдi ауданында Кейкi (Нұрмағанбет) Көкембайұлының бас сүйегi арулап жерлендi. Кейкi батыр – 1916 жылғы Торғай қазақтарының ұлт-азаттық көтерiлiсiн ұйымдастырушылардың бiрi. Торғайда қызыл әскер қолынан айуандықпен өлтiрiлгеннен кейiн батырдың басы Санкт-Петербургтегi антропологиялық қордың кунсткамерасында сақталып келген болатын. 1996 жылы Кейкi батырдың туғанына 125 жыл толуына байланысты ас берiлiп, ескерткiш орнатылған едi.
Арқалық қаласында Кейкi батырдың есiмiн ұлықтауға арналған «Бас кеспек болса да…» атты республикалық айтыста Оңтүстiк Қазақстан облысының сөз маржанын терген ақын қызы Маржан ЕСЖАНОВА бас жүлденi иелендi. Сөз додасының бiрiншi кезеңiнде қарағандылық Дидар Қамиевтен басым түскен Маржан ақын, финалда қызылордалық Мұхтар Ниязовты қапы қалдырды. Оңтүстіктің от ауызды, орақ тілді айтыскер ақындары ешуақытта да төменгі орыннан көрінген емес. Айтулы жыр сайысында күнгейдің ақын қызы мерейімізді асқақтатты. Осылайша Оңтүстiктiң мәртебесiн асқақтатқан Маржан ақын автокөлiк иелендi. Жеңiс құтты болып, мәртебең өссiн, Маржан ақын!
Ү.РЗУАНҚЫЗЫ.