ОҚО Түркістан қаласындағы Мәдениет орталығында «Облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығының Түркістан бөлімі және Медицина, Стоматология факультеттерінің ұйымдастыруымен жас отбасылар арасында байқау өтті Байқау мақсаты –мемлекеттік «Денсаулық» бағдарламасын жүзеге асыру , салауатты өмір салтын насихаттау, ана мен бала денсаулығын күту, отбасының берекесін нығайту. Медицина факультетінің деканы, техн.ғ.д., профессор С.Тұртабаев, Стоматология факультетінің деканы, профессор Юксел Түркөз байқауға қатысушы отбасыларға сәттілік тілеп, ізгі ниет-тілектерін білдірді. Қазылар алқасының құрамында «Облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығының атқарушы директоры Ф.Байзахова, ХҚТУ Клиникалық-диагностикалық орталықтың бас дәрігері С.Рүстемова, «Облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығының Түркістан бөлімінің меңгерушісі Г.Нуруллаева, Жастар денсаулық орталығының психолог маманы Т.Зиятаева төрелік етті. Сайысқа қатысқан Медицина, Стоматология факультеттерінен 7-9 жыл оқумен қатар отбасы ұйытқысы болып жүрген студенттер, қызметкерлер төмендегі сайыс шарттарын орындады: Өз отбасын таныстыру, «Өнегелі ана» (супер мама) байқауы. Баланың дұрыс күтімі, тамақтандыру, жеке бас гигиенасын сақтау, жалпы күтімі туралы тапсырмаларды орындау. «Үлгілі әке» (супер папа) байқауы. Әкенің баланы күтуі, тамақтандыру, ұйықтату, ойнату, жеке гигиенасын сақтауы т.б тапсырмаларды орындау. Әр отбасының өнері.«Дені сау отбасы- ұлт болашағы» байқауы. Сұрақ-жауап. 1 жасқа дейінгі, 2-3 жас аралығындағы бала тағамын дайындау.
Баланың физикалық жақсы дамуына жағдай жасау. (мысалы: үйде массаж жасау, денесін шынықтыру, ойнату, т.б). Қызықты байқау нәтижесінде I орынды екі ұлы мен қыз тәрбиелеп отырған үздік жанұя СТК-126 топ студенті Асылбек Бердішпен Дана Назарова, ІІ орынды СТР-440 топ студенті Абай Жанқұловпен СТК-435 топ студенті Баян Жүніс, ІІІ орынды ЖМ-510 топ студенті Өткір Тешебаевпен СТК-528 топ студенті Нұржан Керей, медицина факультетінің тәрбие-ісі жөніндегі декан орынбасары Еркін Есалиевпен Ғазиза Қасым иеленді. Жеңімпаздарға бағалы ас үй заттары, Алғыс хат берілді насихатталып, отбасындағы әке мен ананың рөлі, бала тәрбиесіндегі жауапкершік, үлгілі отбасы қандай болу керектігі айтылды