«Туған жер – алтын бесігім» облыстық фестивалінің кезекті шарасын Кентаулықтар жалғады. Жексенбінің сәтінде олар Шымкент тұрғындарын қала тарихынан сыр шертетін арнайы қойылымдардың, ән-жырға толы концерттердің куәсі етті. Қызу дайындықтың нәтижесін көрген көрерменнің де көңілі бір серпілді. «Қаратауға тәжі» болған Кентау күні қолжетімді әрі балғын өнімдерді қала Шымқалалықтарға ұсынған ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесімен басталды. Таң атпай орталыққа келген шаруашылық иелері 16 шатыр тіккен. Көзге ерекше түскені – қолжетімді бағада сатылған нан, ет-сүт және құс өнімдері Әбдібақыт Мақұлбаев – Кентау қаласының әкімі «Кентау – негізі, өнеркәсіптің қаласы. Бірақ, сол уақытта бізде комбинат та жұмыс істеген. Соның қосалқы шаруашылығы болған. Кентауға қараты 52 га жер бар. Соның 4 га суғармалы жерлер. Бүгінгі жрмеңкеге келген өнімдерімздің барлығы жергілікті шаруалардың еңбегімен өндірілген». Бұл – қара жерді жасыл желекке айналдырған кеншілер туралы арнаулы қойылым. Фестивалдің ашылу салтанаты қаланың тарихына негізделіп, әрмен қарай өнерпаз балалардың «Шымқалаға шашу» концертімен жалғасын тапты. Жас таланттар білім алатын мектепке есімі берілген Сейдулла Баәйтереков– белгілі композитор, Кентау қаласының тумасы. Рухына тағзым еткен ізбасарлары сазгердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, өнегелі ғұмырын өлеңге өрген тұлғаны бір уақыт еске алды. Сейдулла Бәйтереков, Әшірбек Сығай, Асанәлі Әшімов туған Кентау қаласы әр азаматына лайық құрметін көрсететінін осы күні байқатты. Кенді аймақты шабытына арқау еткен Рахым Балабиев сынды ақынға орталық Отырар кітапханасынан оқу залы ашылып, әдеби-сазды кешке ұласты. Сырлы саз, рухани әсер кентаулық актерлердің қойылымы мен жастардың әзілді кеші арқылы да жүрекке жетті. Алдымен, белгілі драматург Сұлтанәлі Балғабаевтың «Біз де ғашық болғанбыз» спектаклін сахналанды. Кентау әкімінің жүлдесі үшін бірнеше аудан арасында жайдарман ойындары да жастарндың көкейіндегіні дөп басты. Ал, Кентау дегенде ел есіне бірден түсетін «өндіріс» ұғымына қосалқы өрнек болған «Рапсодия» би ансамблі кенді аймақтың мәдениет мерейінің көтерілуіне салмақты үлестерін қосты. Қала саябақтарында спорттық жарыстар мен аудан жетістіктерін насихаттайтын көрме өткен бұл бір күні кентаулықтардың мерекесіне айналды. Әсіресе фестивальдің гала-концертінде көптеген өнерпаздар жаңа туындыларының тұсауын кесіп, жаңа қадамға жол бастады. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында жетістіктерін саралап, мәдениеті мен өнерін насихаттаған 10-шы аймақ – Кентау. Әлі бақ сынайтын 4 аудан бар. Ал, жеңімпаздар қарашада анықталмақ.
АЙЗАТ Бауыржанқызы