![](https://saq.kz/wp-content/uploads/2024/01/KPmG1Esvd6UTxXQ9McOV6hevJc7E4ugKW6ShIwNm.jpg)
Жуырда Оңтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театрында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау жиыны өтті.
Жиынға негізгі баяндамашысы ретінде Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметкерлерді даярлау орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының лекторы, заңгер Кумалакова Кулжахан Сапарқызы арнайы шақырылды.
Орталық оқытушысы өзінің баяндамасында маңызды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру кезеңінде қоғамдық сананы да жаңғырту мәселесінің маңыздылығына айрықша тоқталды. Әсіресе, қазақ тілін біртіндеп латынға ауыстыру, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы, «Туған жер» бағдарламасы, «Қазақстанның қасиетті жерлері», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстаның жаңа 100 тұлғасы» атты Елбасының қоғамдық сананы жаңғыртуға қатысты ұсынған жобаларының маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан әлемнің дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін қазақстандық әрбір азамат бәсекеге қабілеттілік, прагматизм секілді қасиеттерге ие болуы тиіс, сонымен қатар, өзінің ұлттық бірегейлігін сақтай отырып, батыстық өркениеттің тек жағымды жақтарын ғана бойына сіңіруі қажет екендігіне аса назар аударды. Қуыршақ театрының мәдениет майталмандары қоғамда болып жатқан өзгерістерді толық қуаттайтындықтарын білдірді.