Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Оңтүстік Қазақстан облыстық Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының директоры Жәнібек Тағаевтың бастамасымен ұлттық дәстүрді жаңғырту мақсатында «Ақ Отау» жастар сейілі (гулянка) телевизиялық жобасын қолға алды. Іс-шараның негізгі мақсаты: ұлттық үлгідегі жастар сейілін халық арасында кеңінен насихаттау, көне дәстүрге сай нұсқасын телеарна, өзге де Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ел арасына тарату. Қазіргі жас жұбайлардың той салтанаты, тойға дейінгі атқарылатын жөн-жоралғы, сейілі шет елден келген негізсіз кірме салттармен араласып жүр. Ұлтымыздың ұмытыла бастаған көне салт-дәстүрлерін қайта жаңғыртып, жас жұбайларға арналған заманауи үлгідегі дәстүрге ұластыру, бұқаралаық ақпарат құралдары, телеэкран арқылы кеңінен насихаттау бүгінгі күнде кезек күттірмейтін мәселе. Телевизиялық жобаға қонақ ретінде жас жұбайлар және олардың құрбы-құрдастары, аузы дуалы ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер, мәдениет қайраткерлері, мәдениет мекемелерінің өнерпаздары, сонымен қатар БАҚ өкілдері қатысты.
Связанные истории
13.09.2024
258392