Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы тағылымы мол тұжырымдамасын терең зерделеп, өмірге тезірек енгізуге үлес қосу әрбір азаматтың азаматтық парызы. 2017 жылдың 28 қыркүйегі күні Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Созақ аудынындаңы Сызған ауылдық округінің мәдениет үйінде «Туған жерге — туыңды тік» атты мәдени іс — шара болып өті. Іс — шарада атадан балаға мирас болып келе жатқан әдеп — ғұрып, салт — дәстүрді жаңғырту мақсатында қазақ ауылына келін түсіп бет ашылып, сахналық көрініс ұйымдастырылды. Шертпе күйдің шебері Төлеген Момбековтың шәкірті күйші Маханов Сатанның жаңалыққа жақын, өнегелі отбасы ретінде баяндама оқылды. Іс — шарада «Әжелер» тобы, «Шабыт» квинтеті ән салып, би биледі. Мұндай шаралардың ұрпаққа өнеге боларлық тұстары көп әрине. Жастар ұлттық діңінен ажырамай, салт дәстүрді сақтауға сеп болмақ. Туған жерге деген, Отанға деген сүйіспеншіліктері артып, патриоттық сезімдері оянатыны сөзсіз. Алдағы уақытта да аталған шаралар жалғасын табатын болады. Сырлы Созақ елінің ұрпақтары ата баба дәстүрін дәріптеуде жолдан жаңылған емес.
Связанные истории
13.09.2024
258122