Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласының «Қала күні» мерекесіне орай бүгін «Қазақстан халқы ассамблеясы» ғимаратында Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен Шымкент қаласы әкімінің жүлдесі үшін Республикалық «Жайдарман» ойындары өтті.
Республикалық деңгейде өткен «Жайдарман» ойындарына Орал, Талдықорған, Қызылорда, Тараз, Алматы, Маңғыстау, Жетісай, Түркістан, Шымкент қалаларының намысын қорғаған үздік 11 құрама командалар қатысып, қала әкімінің кубогі үшін ақтық сайысқа түсті. Бұл жолы жайларманшылардың дайындығы орасан. Көрермендерін күлкіге көмген сәттері көп болды.
Əр қатысушы командалар 7-8 минуттың ішінде бар өнерін салып көрерменнің көңілінен шығуға тырысты. Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ойынның нәтижесі бойынша: І орын 1 000 000 теңге Боранқұл командасы (Маңғыстау облысы) ІІ орын 300000 теңге Жаңақорған командасы(Қызылорда қаласы) ІІІ орын 200 000 теңге Сырдария командасы(Жетісай қаласы) ие болды. Үздік ойыншы номинациясы бойынша 100 000 теңге Шымкенттік Ұлан Мамырбекұлына бұйырды.
Связанные истории
13.09.2024
258122