фото ШПД
Әлеуметтік желіде жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері бейнеленген бейнежазба бойынша полиция келесідей хабарлайды. Бейнежазбада көрсетілген жолдағы құқық бұзушылықтар бұрын орын алған және олар бойынша қолданыстағы заң аясында тиісті шаралар қабылданған.
Нақты айтқанда, 26 маусым күні той кортежіне қатысқан автокөліктер жолды толықтай жауып, өзге көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтірген. Сондай-ақ, 16 тамыз күні қала көшелерінің бірінде жол ортасында дрифт жасап, өзге жол қозғалысы қатысушыларының өміріне қауіп төндірген.
Нәтижесінде аталған деректер бойынша 2 тұлға әкімшілік қамаққа алынып, 1 тұлға жүргізуші куәлігінен айырылды.
Одан бөлек, 20 әкімшілік хаттама толтырылып, 13 автокөлік айып тұрағына қойылды.
Бұдан бөлек, бейнежазбадағы 2 заң бұзушылық фактісі Түркістан облысының аумағында орын алғаны белгілі болды.
