Еліміздегі жағдайдың тұрақтылығын сақтау мақсатында Шымкенттегі А. Асқаров көшесі мен Абай даңғылы қиылысындағы QAZ PETRO–ОЙЛ серіктестігі жанар-жағар майдың бағасын арзандатты, деп хабарлайды otyrar.kz.
Жұлдызхан Өміров, ЖЖБ операторы: «Өздеріңіз байқағандай көліктер көп келіп, бензин қуйдырып алып жатыр. Кешеден бері біздің компания АИ-92 маркалы бензиннің литрін 174 теңге, дизель отынын- 225 , «АИ-95″-203 теңгеден босатуда. Жағармайдың бағасы қол жетімді болғандықтан барлығы ризашылығын білдіріп жатыр».
Айта кететін жәйт, желтоқсан айында АИ-92 маркалы бензиннің литрі 182 теңге, ал дизель отыны -244 теңгеден сатылған.
Көлік жүргізушісі Нұрбол Орынбектің жолы болды, Шымкентте АИ-92 бензинін 174 теңгеден құйдырды: «Ордабасы ауданының тұрғынымен. Бүгін жұмыстарыммен Шымкентке келіп едім, АИ-92 маркалы бензиннің литрін 174 теңгеден құйдырып алдым. Кеше президенттің үндеуінен кейін осылайша, жағармай, азық-түлікке бағалар біртіндеп түссе жақсы ғой».