Әлеумет Бірнеше рет алаяқтық жасау фактісі бойынша іс сотқа жіберілді Редактор 24.07.2022 14027 1 оқу мин Түркістан қаласының прокуратурасы бірнеше рет алаяқтық жасады деген айыппен қала тұрғыны 1991ж.т. Д.Абдреимоваға қатысты қылмыстық істі сотқа жіберді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ол қала тұрғындарын Атырау қаласында орналасқан «SSP» компаниясына әртүрлі мамандықтар (электрик, жүргізуші, күзетші, дәнекерлеуші) бойынша вахталық әдіспен айлық ақысы жоғары жұмысқа орналастырып беремін деп алдау арқылы 8 жәбірленушінің 70 000-100 000 теңге аралығында ақшалай қаражаттарын жымқырғаны анықталды. Тергеу барысында күдікті Абдреимова өз кінәсін мойындамағанымен қалалық полиция басқармасы оның жоғарыда көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағанын дәлелдейтін жеткілікті айғақтар жинақтап, прокурордың келісуімен іс-әрекетін ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағымен саралаған (үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген). Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 1558 Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10651 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9282