Экономика Ауданның экономикалық өсіп өркендеуіне коммуналдық сала қызметкерлері үлес қосып келеді Редактор 09.11.2022 15752 1 оқу мин Ауданның экономикалық өсіп өркендеуіне коммуналдық сала қызметкерлері үлес қосып келеді Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданыының әлеуметтік-экономикалық өсіп өркендеуіне коммуналдық сала қызметкерлері айтарлықтай үлес қосып келеді. Халықтың күнделікті тыныс-тіршілігін біліп, келеңсіз жағдай орын алса, жылдам іске кірісетін коммуналдық саланың жауапкершілігі мол. Аталған салада қызметін абыроймен атқарып келе жатқан азаматтардың бірі – Қоныс Тілемисов. Ол 1982 жылы Ленгір қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 1999 жылы арнаулы орта білім беретін оқу орнын аяқтаған соң «Төлеби көп салалы коммуналдық кәсіпорнында слесарь-жөндеуші болып бастайды. Қазіргі таңда «Жарық жолдар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің слесарь-жөндеушісі болып жұмыс істейді. Қоныс Қалмасұлы алдына мақсат қоя алатын, өз ісін жетік білетін тәжірибелі маман. Саладағы жұмыс өтілі — 23 жыл. Ол жұмыс істеген уақыты ішінде тәртібіне байланысты ешқандай сөгіс алмаған. Айта кетейік, оның ұзақ жылғы жемісті еңбегі бағаланып биыл III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің иегері атанды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Даму» бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталығы 1 оқу мин Экономика «Даму» бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталығы 22.09.2026 9348 ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 17.05.2026 31172 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 23.04.2026 30144