Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШҚЫ САЙЛАУШЫЛАР ДАУЫС БЕРІП ЖАТЫР Редактор 19.03.2023 14276 1 оқу мин Бүгін елімізде Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы басталды. Түркістан облысы — еліміздегі сайлаушылары ең көп өңір. Мұндағы 941 сайлау учаскесі таңғы сағат 7-ден өз жұмысын бастады. Бұл орайда, Сайрам, Сарыағаш, Бәйдібек, Келес аудандарында жергілікті халық бүгінгі сайлауға белсенді қатысып жатыр. Азаматтар саяси науқанға көтеріңкі көңіл күймен келіп, өз таңдауларын жасауда. Барлық сайлау учаскелері санитарлық талаптарға сай жасақталған. Бұл — сайлау демкоратияның жарқын көрінісі. Себебі барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары жаңадан сайланады. Оның үстіне Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауы бірге өткізілуде. Облыста сайлауға 1131 кандидат түсіп жатыр. Олардың 19-ы Мәжіліс депутаттығына үміткер. Партиялық тізім бойынша 6 партиядан 79 адам тіркелген. Ұсынылған кандидаттардың 1007-сі – ер, 124-і – әйел адам. Ең жасы 21-де, ең үлкені – 70-жаста. Жалпы облыс бойынша тіркелген сайлаушылардың жалпы саны 1 млн 168 мыңнан асады. Түркістан облысында 941 сайлау учаскесі бар. Олардың барлығында сайлаушылардың дауыс беруіне толық жағдай жасалған. Ал сайлаудың әділ, әрі заң шеңберінде өтуін үміткерлердің сенімді өкілдері мен байқаушылар мұқият қадағалап отыр. Олардың арасында халықаралық байқаушылар да бар. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 1 оқу мин Саясат Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 12.08.2026 7358 День Каспийского моря отмечают в Казахстане: экологические инициативы объединили волонтеров семи стран 1 оқу мин Саясат День Каспийского моря отмечают в Казахстане: экологические инициативы объединили волонтеров семи стран 12.08.2026 6187 Предварительные результаты переписи населения опубликованы в Узбекистане 1 оқу мин Саясат Предварительные результаты переписи населения опубликованы в Узбекистане 03.07.2026 13884