Картоп шаруашылығы Қазақстанның солтүстігінде және солтүстік-шығысында және оңтүстікте орналасқан. Фермерлер халықты шілде айының ортасынан сәуірге дейін картоппен қамтамасыз етеді, ал биыл мамыр айында да жеткізілім болды. Маусым айында Өзбекстаннан және ҚР оңтүстік облыстарынан картоп келеді. Қазақстанның оңтүстігінде биыл наурыз айында мезгілсіз суық болды, бұл картоптың пісуін 10 күнге кеш пісуіне әсер етті. Қазір нарықта негізінен пленка астынан жаңа піскен картоп сатылып жатыр. Ал ашық жерде өсірілген картоптар пісіп үлгерді оңтүстікте. Дихандар жыл сайын облыстың тұрақтандыру қорына нарықтан төмен бағамен картоп өткізеді. Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданының диқандары ерте пісетін картопты жинауға кірісіп кетті. Алғашқылардың бірі болып, Қабланбек ауылдық округінде орналасқан “Айдын” шаруақожалығы иелігіндегі 3,0 га егістік алқабындағы картопты жинап, гектарына 22,5 цн өнім алуда. Биылғы жылы ауданда 10,5 мың га жерде көкөніс өсіріліп отырса, оның ішінде 3,0 га жуық жерде картоп көкөнісі өсірілуде. Аудан шаруалары ағымдағы жылы мол өнім алуды жоспарлап, еліміздің азық — түлік қауіпсіздігіне өз үлестерін қосуда Ауданымыздың климаттық жағдайының қолайлы болуы себебінен, диқандарға голландиялық картоп түрінің тұқымын өсіру ыңғайлы болып келеді. Осыған орай, ең көп картоп алқаптары: Жібек жолы, Қабланбек, Дербісек, Жемісті, Ақжар, Құркелес, Жарты төбе ауылдық округтерінде орналасқан.