Түркістан облысына қарасты Сауран ауданындағы Қарашық ауылдық округінде аудан әкімі тұрғындармен кездесу өткізді. Қарашық ауылдық округінің тұрғындары тарапынан көтерліген мәселелерге аудан әкімі Ғ.Үсенбаев жауап берді. «Жергілікті биліктің ең басты мақсаты – тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету. Мемлекет басшысы өз Жолдауында халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді. Облыс әкімі ауданға жасаған сапарында ауданды әрі қарай дамытуды тапсырды», деді аудан әкімі. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан Қарашық елді мекенінің ауыз су және газ мәселесінің оң шешімі табылып, тұрғындар игілігіне берілсе екен деді. Ғ. Үсенбаев, Сауран ауданының әкімі: «Қарашық елді мекенін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, жеке инвестор «Авангард-ОК» ЖШС-гі арқылы ЖСҚ әзірленуде. Сонымен қатар, Қарашық а/о табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша ЖСҚ әзірленген.Алайда, жеткізуші газ құбырлары мемлекеттік сараптамаға енді жолданды. 2 ай мерзімінде сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге қосымша жұмыстар атқарылады. Тұрғындар тарапынан көтерілген екінші мәселе Қарашық елді мекенінің тұрғындарына жоғары жақтан арық арқылы келетін ағын су тұрақты ағып тұруын сұрайды. «Қарашық елді мекенінің жоғары жағынан Оранғай ауылдық округінде орналасқан «Қосқорған» су қоймасы арықылы Қарашық өзінен ағын су келеді. Аталған су қойма «Тұран су» ШЖҚ МКК-нің теңгерімінде. Көктем мезгілінде «Қосқорған» су қоймасында су көлемі толық жинақталған жағдайда ағын су үздіксіз беріледі. Алайда, ағымдағы жылы жауын-шашын, қардың аз болуына орай жаз мезгілінде өзен арнасында ағын су мөлшері азаюуы ықтимал. Осыған орай, Қарашық ауылды округі аумағынан сыйымдылығы 3,25 млн м3 көлемді құрайтын «Қарашық» су қоймасының құрылысын салу үшін салалық қорытынды әзірленіп, Түркістан облысы құрылыс басқармасына тиісті құжаттар жолданып, ұсыныс берілді», деді аудан әкімі. Үшінші мәселе: Қарашық елді мекенінің тұрғындарының басты мәселесі ағын су, ауылдың жанынан қазылып жатқан карьерлердің кесірінен жер асты сулары тартылып жатыр. Сол мәселенің бірден бір шешімі ауылдың жанынан тоған салу. Осы мәселенің оң шешім шешіп беруіңізді сұрайды. «Сауран ауданы Қарашық ауылдық округінде орналасқан «Қарашық-1» кен орнынан құмды қиыршық тас қоспасын өндіруге арналған карьер, атауы «Kazak Construction Industry» АҚ-ы. Қарашық ауылдық округіндегі бос жатқан мемлекет меншігіндегі жер телімін мемлекеттік сәйкестендіру актісін алмай ҚР жер кодексінің талаптарын бұза пайдаланып отырғандығы анықталып, жер телімінің басында акті түзіліп, Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасына шара көру үшін жолданды. Нәтижесінде, зерделеу жұмыстары барысында аталмыш кен орынның №1 учаскесінде (8,5 га) учаскесінен тыс 35 202 куб пайдалы қазбаны өндіргені анықталды. Түркістан облысы жер инспекциясы басқармасы ҚР жер кодексінің 136 және 802 баптарына сай хаттама толтырылып, айыппұл түрінде әкімшілік шара (100 АЕК мөлшерінде) шара көрілді. Осы ретте, жоғарыда аталған кемшіліктерді заң аясында тиісті шаралар қолдану үшін, Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасы тарапынан Түркістан облысының экология департаментіне хат жолданды. Сонымен қатар, Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасы үстіміздегі жылдың 26 қаңтарында №1 н/қ бұйрығымен облысының әкімдігімен «Kazak Construction Industry» АҚ арасында түзілген 2005 жылғы 8 шілдедегі №191 келісімшарттың қолданысын уақытша тоқтатты. Көктем уақытында болатын жауын-шашын, қар сулары мен тасқын суларды тиімді пайдалану және суармалы жерлерді толығымен игеру үшін Қарашық ауылды округінен қосымша 1 су қоймасын салу мәселесі көптен бері туындауда. Су қоймасын салуға жер рельефі өте қолайлы. Жоғарыда айтылған мәселені ескере отырып, Қарашық ауылды округі аумағынан сыйымдылығы 3,25 млн м3 «Қарашық» су қоймасының құрылысын салу үшін салалық қорытынды әзірленіп, Түркістан облысы құрылыс басқармасына тиісті құжаттар жолданып, ұсыныс берілді». Сондай ақ тұрғындар: Қарашық ауылының ішінен «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» жолы түсерде, сол ауылдың ішінен көпір және мал өтетін өткел салынса екен дейді. Осы мәселенің оң шешім шешіп беруіңізді сұрайды. Бұл сұрақ бойынша, аудан әкімдігі тарапынан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына хат жолданып, алдағы уақытта тұрғындарың өтініштері ескерілетіндігін мәлімдеді.