Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаевтың төрағалығымен ветеринариялық іс-шаралардың өткізілу барысы мен саладағы өзекті мәселелер бойынша жиналыс өтті. Жиналысқа Түркістан облысы ветеринария басқармасының бөлім басшысы А.Тағаев, Түркістан облысы ветеринариялық қызмет мекемесінің директоры Б.Бегманов, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлім басшысының м.а. Б.Олжаев және мамандары, аудандық статистика басқармасының бас маманы Б.Үмбет, аумақтық ветеринария инспекция басшысының м.а. Р.Дүйсенбаев, ауыл округі әкімдері, әкімі аппаратының салаға жауапты мамандары, ауыл округі аумағына бекітілген «Ветеринарлық қызмет» бөлімшелерінің басшылары қатысты. Жиналыста Статистика басқармасының блютеніндегі, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқор базасындағы және ауыл округі әкімдіктерінде жүргізілетін ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу кітапшасындағы мал бастарын сәйкестендіру мәселелерін шешу бойынша құрылған жұмысшы топтың атқарылған және атқарылатын жұмыстары баяндалды. Сайрам ауданы Статистика басқармасының бас маманы Б.Үмбет тапсырып жатқан есептілік кезінде жұртшылық және шаруашылықтар малын ауыл әкімдігі ал, кәсіпорындар өздерінің ЭЦҚ кілттері арқылы да өз есептерін статистика басқармасына тапсырады деп түсіндірді. Түркістан облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы – А.Тағаев қазіргі күнде облыс әкімінің бақылауында тұрған басты көрсеткіштердің бірі – мал басын сәйкестендіру екенін айта келе, біргелікте жұмыс атқару бойынша өз ұсынысын енгізді. Бүгінгі күннен бастап Қарабұлақ ауыл округінен бастап мал басын сәйкестендіру бойынша үй-үйді аралап, мал санағын жүргізуді бастауға келгендігін айтып өтті. Аталған ауылда мал шаруашылығы қарқынды дамыған. Сайрам аудандық аумақтық инспекция басшысы м.а Р.Дуйсенбаев “Ветеринариялық қызмет” тарапынан Сайрам аудандық аумақтық инспекцияға Жеке және заңды тұлғаларының малдарын сырғаламауы туралы бірде бір ұсыныс хат келіп түспегенін айтты. Жиналысты қорытындылай келе: сырғаланбаған, сырғасы базадан шығарылған мал басын анықтауға және аумақтық ветеринарлық инспекциясына ұсыныс хат жазылып, акт толтыруға, бекітілген жұмысшы топ маусым айының 25-не дейін мал санағын жүргізіп, толыққанды мал саны бойынша нақты мәлімет беруге тапсырма берілді.